Бауыржан Байбек: «Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылады» (видео)

0
3099

Бүгін Алматыда «Қарағайлы» саябағында қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы аталып өтті. Шараға қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жастар ұйымдарының белсенділері, БАҚ өкілдері де қатысты. Бір минут үнсіздіктен кейін Бауыржан Байбек жиналған қауым алдында нәубет жылдарында Қазақстанда 2 миллионнан астам адам көз жұмып, өткен ғасырдың 30-жылдары жүз мыңнан астам адамның жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырағанын еске салып, нәубет пен қуғын-сүргіннің шындығының ашылуы – Тәуелсіздігіміздің жемісі екенін атап өтті.

Қала әкімі келесі жылы саябақтағы белгітастың орнына қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш орнатылатынын, биыл ескерткіштің үздік жобасына байқау жарияланатынын хабарлады.

Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ат салысуымен белсенді жастар шараға еліміздің туы мен сұрапыл жылдары жазықсыз құрбан болған қазақтың көрнекті тұлғаларының портреттерін ұстап шығып, бүгінгі Тәуелсіздігіміз бен арыстарымыздың арасындағы тікелей сабақтастық бар екенін символикалық түрде бейнеледі.

Атап өтетін болсақ, бүгін Алматыда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған бірқатар шаралар өткізіліп, ас берілмек.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қазақстанда 1997 жылдан бері аталып келеді.

Мақаланы көшіргенде сілтемесін көрсетуді сұраймын.

Бақытжан Бұқарбай

20120101_152904-2 20120101_154124-2 20160531_070215-3

13323365_10153757058452998_4482390643893034026_o

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.