Редьярд Киплинг, Ким

0
3259

Время от времени Господь создает людей – ты один из них, – которые жаждут бродить с опасностью для жизни и узнавать новости: сегодня – о каких-нибудь отдаленных предметах, завтра – о какой-нибудь неисследованной горе, а послезавтра – о здешних жителях, наделавших глупостей во вред государству. Таких людей очень мало, а из этих немногих не более десяти заслуживают высшей похвалы.

Саясаттануда Үлкен ойын (Great (Grand) Game) деген ұғым бар. Ол Орта және Оңтүстік Азия үшін Ресей империясы мен Британ империясы арасындағы 19 ғасырда болған геосаяси бәсекелестікті білдіреді. Осы мағынада бұл тіркес ғылыми айналымға Редьярд Киплингтің арқасында енгенін «Ким» романын оқып болғасын ғана білдім.

Көпшілік Нобель сыйлығының лауреаты (1907 жыл) Киплингті кішкентай оқырманға арналған «Джунгли кітабының» авторы ретінде танып, оның «Ким» секілді күрделі шығармалар жазғанын біле бермейді.

Шығарманың бас кейіпкері Кимбол О’Хара (ол кезде Британ Үндістанына қарасты) Лахор қаласында туып өскен жетім бала. Ирландиялық жауынгер әкесінен ерте айырылады. Ол қайыр сұрап және ат саудалайтын ауған Махбуб Әлидің жекелеген тапсырмаларын орындап күн көріп жүреді. Кейін келе әлгі ауған саудагерінің британ барлау қызметімен байланысы бар екенін біледі.

Он үш жасында Ким Тибеттен сапар шегіп, ақиқатты іздеп жүрген ламамен танысып, екеуінің арасында үлкен достық пайда болады. Екеуі бірге сапарға аттанып, Амбала қаласында орналасқан британ әскери бөлімінен бір шығады. Сол жерде Кимнің осында ертеректе қызмет еткен марқұм әкесінің ұлы екенін түсініп, оны барлаушы етіп дайындауды қолға алады. Оқуы аяқталған соң Ким өзінің бірінші тапсырмасына шығады…

Роман 19 ғасырдың Үндістанын, оның халқын, болмыс-тұрмысын, кішкентай Кимнің қалыптасуын жақсы сипаттайды. Сонымен қатар шығарманы оқу барысында Британ Үндістанында барлаушыларды қалай дайындағаны туралы түсінік қалыптасады.

Дегенмен, сайып келгенде, Киплингтің осы шығармасы екі жалғыздықтың арасындағы достық туралы роман болып көрінді.

P.S. КСРО тарап, Орталық Азия мемлекеттері тәуелсіздік алғасын ғалымдар арасында Жаңа үлкен ойын басталды деген пікірлер кездеседі. Бірақ жаңадан қалыптасқан геосаяси шынайылықтың арқасында жиырма бірінші ғасырдың «Ким» романы оқырманға жол тарта ма, әлде бұл кезең әдебиетте мүлдем көрініс таппай қала ма, бұл сұрақ уақыт еншісінде…

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.