Питирим Сорокин, Американская сексуальная революция

0
1217

Всякое значительное изменение в брачном поведении, всякое увеличение сексуальной распущенности и незаконные половые отношения чреваты серьезными последствиями. Сексуальная революция оказывает решительное воздействие на жизнь миллионов, разрушает социум и, несомненно, влияет на будущее общества.

***

Общество, которое терпимо относится к сексуальной анархии, медленно, но верно ослабляет себя, нанося ущерб общему здоровью и ставя под угрозу собственное выживание.

Заманауи мәдениеттің, соның ішінде кино, театр, бейнелеу өнерінің өзекті тақырыптарының арасында секс тақырыбы жиі айтылатынына етіміз әбден үйреніп кетті. Бұл үрдіс тек өнерде ғана емес, сонымен қатар ғылымда да, жарнамада да, қоғамдық қатынастың көптеген салаларында да кездесіп жүр. Қазір екінің бірі қоғам бұзылды, жастарымыз ұяттан жұрдай деп айтудан шаршамайды. Тіпті жастардың өздері солай деп жүр. Бұл пікірмен де келісуге болады, себебі жасөспірімдерде жыныстық өмірдің ерте басталатынын, жастар арасында ажырасудың көбейгенін, жезөкшелердің қаптап кеткенін, қазақ даласында бұрын-соңды болмаған қызтекелік қатынастардың етек алғанын құлақпен естіп, көзімізбен көріп жүрміз. Арсен Баяновтың «Алма-Ата неформальная» кітабында тоқырау кезеңіндегі кеңестік Қазақстанның астанасында он екі-ақ жезөкше қызмет көрсететін деген ақпарат бар. Ал қазір кез келген сайтты ашып қарасаңыз, жүздеген анкетаға тап боласыз.

Қоғамда моральдық қасиеттердің құлдырауының себептері неде? Осындай қоғамды не күтіп тұр? Питирим Сорокин еңбегінде осы және басқа да сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Ресейде туылып, кейін билікке келген большевиктердің қыспағына ұшырап, АҚШ-қа көшуге мәжбүр болған әлеуметтанушы ғалым Питирим Сорокин бұл еңбегін өмірінің соңына қарай жазыпты. Кітап алпыс жыл бұрын жарық көрсе де, өзектілігін жоғалтпаған сияқты көрінді. 1956 жылы, яғни еңбек жарияланған жылы, соғыстан кейінгі Америкада әдет-ғұрып ауысып, автордың сөзімен айтқанда, «америкалық өмірдің әрбір тесігінен секстің иісі шығып» тұрды.

Сорокин адамзат тарихында болған бірқатар өркениеттердегі «секс революциясының» шығу себептерін зерттеп, оны қоғамды құрдымға жетелейтін фактор ретінде қарастырады.

Совершенно непохожая на прежние политические и экономические революции, она почти незаметна. Ее бурные сцены проходят без шумных публичных проявлений, они ограничены уединением в постели и участием отдельных индивидуумов. Не отмеченная драматическими событиями большого масштаба она обходится без гражданской войны, классовой борьбы и кровопролития. У нее нет революционной армии для борьбы с врагами. Она не пытается свергать правительства. Несмотря на свои необычные черты, сексуальная революция так же важна, как самые драматические политические или экономические перевороты. Она изменяет жизнь людей более радикально, чем любая другая революция нашего времени.

Егер соңғы жылдары өзіңіз өмір сүріп отырған қоғамда ажырасу көрсеткіші артса, жетімдер саны өссе, азғындық көбейіп, әдепсіз жыныстық қатынастар етек алса, халық арасында секске қызығушылық өсіп кетсе, мәдениет сексуализациясы күшейсе, «өмір бір беріледі, олай болса ертеңді ойлап не қажет, қызығын бүгін көр» деген сияқты ұстанымдар жиі естілсе — онда ол қоғамда секс революциясы орын алды деп айта беруге болады. Олай болса, бұл революцияның нәтижесінде:

  • өмір сүру ұзақтығы қысқарады. Сорокин осы тұжырымды дәлелдеу үшін б.з. І ғасыры мен ХІХ ғасыр арасында өмір сүріп, тақуалық күй кешкен 3090 әулие мен нәпсісін тыймаған 392 монархтың өмірлерін салыстырады;
  • адам психикалық және невротикалық ауруларға жиі шалдығады;
  • ата-ана махаббаты сарқылады. Бұның салдарынан қоғамда менменшіл эгоистер көбейіп, олардан қайыр болмай, үлкен қақтығыстардың түбінде осы себеп жатыр дейді автор;
  • қоғам ішінде өз-өзіне қол жұмсаушылардың саны артады;
  • шығармашылық қуат азаяды және т.б.

Если социальную анархию сдерживать и вводить новые ограничения, то процесс упадка может быть остановлен и в течение столетия или около того он сменится культурным и социальным возрождением.

Сорокин мәдениеттегі секстің көрініс табу үлесін талдай келе, былай жазады:

Изучив около 200 000 картин и скульптур, мы фактически не нашли эротических изображений тела в период с X по XIII век, но начиная с этого времени и до наших дней их доля постоянно возрастала: 0,4% – в XIV и XV веках, 10,8% – в XVI веке, 21,3% – в XVII, 36,4% – в XVIII, 25,1% – в XIX и 38,1% – в первые 20 лет XX века.

Әдебиет пен музыка саласына да осыған ұқсас өзгерістер тән екенін көрсетеді:

Ранняя смерть Шуберта была в большой степени связана с венерической болезнью; изгнание Овидия было отчасти вызвано его связями; преждевременная смерть на дуэли двух великих русских поэтов — Пушкина и Лермонтова — была результатом действий других развратников, их собственной распущенности и неверности жены Пушкина; нервный срыв Чайковского, который будто бы был гомосексуалистом, последовал за его поспешной и глупой женитьбой; преждевременная потеря способности к литературному творчеству Оскара Уайльда была вызвана его гомосексуальностью; незаконные связи Моцарта, Шопена, Перголезе и многих других оказали явное угнетающее воздействие на их творческую жизнь; эти и сотни подобных примеров ясно свидетельствуют о вредном влиянии распущенности на творческие способности музыкантов, художников и писателей.

Ғалымның екі тұжырымы мен үшін жаңалық болды:

  1. Әлеуметтік сатыда жоғары тұрған топ өкілдері арасында азғындық көбірек кездеседі:

Обычно высшие классы более развратны, чем простой народ. Своей распущенностью эти слои подрывают социальный строй больше, чем политические революционеры.

***

Последствия сексуальных безобразий правящей верхушки особенно важны сегодня. В прошлом слабое развитие средств коммуникации часто позволяло развратным лидерам хранить в тайне свое недостойное поведение. Однако теперь, с появлением печати, радио, телевидения и других высокоразвитых средств коммуникации, невозможно скрывать безнравственность любого правящего или высшего класса. Поэтому их поступки гораздо быстрее становятся предметом подражания масс и, соответственно, гораздо быстрее распространяется социальное разложение.

2. Қоғамдағы жыныстық ләззатқа негізделген азғындық пен саяси тұрақсыздық қатар жүреді:

Сексуальная анархия и анархия политическая и социальная – демоны-близнецы. Хотя одна может появиться раньше другой, но они взаимосвязаны и взаимозависимы. В том С VI по XX век самыми смутными веками в истории Европы в целом были: XX, XIII, XIV, XIX (1-я половина), XV и XVI. Систематическое изучение всех этих беспорядков показывает, что в каждый из этих исключительно беспокойных периодов происходит рост распущенности. Иногда сексуальное освобождение предшествовало взрыву социополитических потрясений, иногда эти процессы происходили одновременно. Но почти всегда эти две формы анархии шли рядом.

 

Кітаптың басқа да ой салған үзінділері:

Мы не должны забывать, что общий фонд энергии человеческого организма ограничен: чем больше энергии тратится на какойлибо вид деятельности, тем меньше ее остается для других видов. При каждом половом акте расходуются жизненные физиологические силы. Когда это происходит слишком часто, весь организм начинает чахнуть. У распутника начинается физический упадок, который может еще усугубиться из-за других слабостей и пороков, от венерических болезней до алкоголизма. Напротив, умеренность в сексуальной жизни или полное воздержание не приводят к таким последствиям. Это становится совершенно очевидным, если сравнить жизнь христианских святых, римских пап, выдающихся теологов и священнослужителей с распутным существованием монархов, наследников и наследниц, а также звезд экрана и сцены.

және

Следует еще раз подчеркнуть, что революционеры редко, если вообще когда-либо, захватывают здоровое, сильное, творческое и морально крепкое общество. Они скорее побеждают только правительства и группы, которые уже ославлены и деморализованы своими собственными действиями.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.