Серікбай Бисекеев, Бәрі де өз қолыңда

0
1326

Қазақ кәсіпкерлерінің бизнесті қалай жүргізу туралы қазақ тілінде жазылған кітаптары АҚШ пен Ресейдегідей күнде шыға бермейді. Соңғы жылдары шыққан кітаптардың ішінде тек Марат Абиевтің еңбегі ғана еске түседі. Сол себепті Серікбай Бисекеевтің осы кітабын оқып шығуды маст листке қосып қойған болатынмын.

Бір түсінгенім, кітаптың құрылымы мен мазмұнында ресейлік бизнесмен Олег Тиньковтың кітаптарының ықпалы қатты сезіледі. Кітап әу баста қазақша жазылмай, орысшадан аударылса да, мүкіс жерлері жоқ, жеңіл қабылданады. Қарпі бірінші сыныпқа арналған әліппелердегідей дәу екен. Осының арқасында бір отырғанда оқып тастауға болады. Кітапты ерекшелейтін тағы бір нәрсе — Серікбай Бисекеев еңбегінде өмірбаянына тым көп жүгіне береді. Бұл енді, меніңше, минус. Ұтымды тұсы — әрбір тарау соңында суға толы тараудағы негізгі ойлар жеке-жеке кеңес ретінде тағы бір аталып өтіпті. Соларды ғана оқып шектелсеңіз де, осы жеткілікті. Кітап мен үшін жаңалық ашпады.

Әрине, осы рецензияны оқып отырғандардың ішінде «Мықты болсаң, өзің бизнес бастап, тәжірибеңді жазып көр» деушілердің үні шығып қалуы әбден мүмкін. Оларға айтарым, бизнеске не дамуға қатысты әдебиет концептуалдылығымен құнды. Бизнесмен болмасаң да, кітапта жазылған нәрселер алып жүрген салаңда кәдеге жарағаны дұрыс. Ал салалар сан алуан емес пе? Мәселен, суретшімін делік. Өнімді сату негіздеріне арналған тарауды оқып шыққан жас кәсіпкер де, суретпен шұғылданатын өнер иесі де өнімін сатуға қатысты бірдей пайдалы кеңестер ала алатындай болу керек. Концептуалдылық дегеніміз менің түсінігімде осы.

Дегенмен, әрбір кітап бір оқып шығуға жарайды деген пікір бар екенін естен шығармайық. Ал оның қаншалықты дұрыс екенін өздеріңіз шешіңіз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.