Нассим Николас Талеб, Антихрупкость

2
2679

“Черный лебедь” кітабымен әлемге танылған Николас Талебті оның “Антихрупкость” еңбегін оқығаннан кейін бестселлер жазған авторлар ішіндегі Леди Гага деуші едім. Олай деуім, бірінші еңбегінде кездейсоқтыққа қатысты тың ойлар ұсынып, оларды жеке теория деңгейіне шығара алса, екінші кітабын біріншісінің коммерциялық табысы маза бермегендіктен жазғандай көрінді. Сегіз жүзге жуық беттен тұратын қалың кітап жүйелі жазылмаған, автор өзін жаһандық деңгейдегі ғұлама деп көрсетуге тырысып, бір-бірімен онша ұйқаса бермейтін эклектикалық ойларын “семіз сөйлеп, арық шығып” көрсетіпті. Содан болар, зейін шашырай береді. Елді қалай дұрыс өмір сүруге үйретуге талпыныс жасайды. Осы үшін мен оны шетелдік әншімен салыстырдым: бірінші “хиттарының” табысын қайталай алмай, ол да үстіне түрлі бәле киіп, эпатажбен аламын деп, масқарасы шыққан.

Ал енді кітапта айтылған негізгі ойға келетін болсақ, ол шамамен былай: “өмірді болжауға болмайды, бірақ арасында талпынып көруге не бөгет? Дегенмен оның жеке болжауға болатын сәттерін бір-бірінен қалай ажыратасың?”

Публицистика тұрғысынан мінсіз жазылғанмен, кітап 95% судан тұрады. Егер малтып білмесеңіз, ығып кетуіңіз әбден мүмкін.

2 COMMENTS

  1. Бақытжан, сәлеметсіз бе, пікіріңізге рахмет. Мен бұл кітапты екінші реттен ғана аяқталуға шамам жетті. Талебтің кейбір ойлар қызық болса да, ешқандай аналитика немесе зерттеу жұмысы жоқ. Мысалдардың да саны шекті. Бірақ альтернативтік көзқарастың ретінде маған бұл кітап пайдалы болды.
    PS: Стилистикалық және грамматикалық қателіктер үшін, кешірімді сұраймын.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.