Көшбасшы болғың келе ме?

0
1695

2016 жылғы 24-25 қыркүйекте Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығында  Қазақстандағы Еңбек күнін атап өтуге орайластырылған «Жастардың әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы» атты семинар-тренинг өтті.

Ұйымдастырушылар – Маңғыстау облысының Кәсіподақ орталығы мен Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі.

Семинар-тренингтің жұмысына облыстағы кәсіподақ ұйымдарының жас өкілдері, жұмысшы жастар мен студенттер қатысты.

Қатысушылар «Орталық Азияның жастары. Қазақстан» атты қоғамдық пікірталас аясында:

– Білім және өзін өзі дамыту

– Өмірдегі табыстар мен мақсаттар

– Саяси құндылықтар мен азаматтық белсенділік тақырыптарындағы үш басты мәселені талқылады.

Семинар-тренингтің спикерлері –  Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның мүшесі, «ЖАРИА» ҮЕҰ директоры Гүлзи Нәби, журналист, IntelliNews агенттігінің тілшісі Нәубет Бисенов, Маңғыстау облыстық Кәсіподақ орталығының төрағасы Қайрат Жаңабеков,  Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі  ғылыми қызметкері Медет Сүлеймен.

– Жастар қоғамның маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан да біз жастардың өзін өзі дамытуына, өмірлік мақсаттарын айқындап, азаматтық көзқарастарын нығайтуына баса назар аудардық. Тренинг барысында қатысушылар жастар көшбасшылығы мен жастар журналистикасы сияқты түсініктермен танысып, азаматтық белсенділікті айқындайтын әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру дағдыларына үйренді, – дейді Қайрат Жаңабеков.

Халықаралық сыныптағы жаттықтырушы Гүлзи Нәби маңғыстаулық жастардың тренинг тақырыбына шынайы қызығушылығын атап көрсетті. Оның айтуынша, біздің жастарымыз елдің басқа өңірлеріндегі өз тұстастарынан айтарлықтай өзгеше. Атап айтқанда, ол – өз ойын ашық әрі тіке айта алу мен темірдей мықты логиканың үйлесімі арқылы өз көзқарасын қорғай білушілік.

– Бұл мінез маңғыстаулық жастардың дағдыларды жеңіл қағып алып, қалай және қандай көшбасшы болуға болатындығы жөніндегі теориялық ұстынымдарды үйренуіне көп көмектеседі.

Біз Маңғыстау облысында қолдануға болатын көшбасшылық әдістемесін қарастырып, жастар арасындағы проблемалар туралы, қандай әлеуметтік шиеленістер бар екендігін білдік. Енді әлеуметтік шиеленістер мен қандай да бір жастардың проблемаларын шешетін   дәл осы жастар болады деп үміттенеміз, – деді халықаралық жаттықтырушы.

Жұмыс тәжірибесі мол кәсіби журналист Нәубет Бисенов  семинарға қатысушыларды мәтіндерді дұрыс құрып, дұрыс жазу тәсілдері мен ережелерін үйретті.

Сондай-ақ «Орталық Азияның жастары. Қазақстан» кітабының тұсаукесері өтті. Қатысушыларға зерттеу барысында алынған нәтижелерді өздерінің жеке тәжірибелері мен ұғым-түсініктері  арқылы  талқылау ұсынылды.

«Жастардың әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуы» атты жобалық тақырып аясында «Жастар көшбасшылығы» атты тренинг өткізілді.

Семинар-тренигтің екінші күні, саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай   «Азаматтық белсенділік: әлеуметтік жобаларды қалай жүзеге асыруға болады» атты ворк-шоп өткізді.

Барлық тыңдаушылар Кәсіподақ орталығы басшысының қолынан семинар-тренингтің курсынан өткендігі туралы сертификаттар алды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.