Оралда Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітабы» оқырмандарына жол тартты

0
1720

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Жас саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай шығармашылық сапармен Орал қаласында болып, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Күміс кітабының» таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. БҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған шара барысында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева қазіргі жастардың кітапқа бет бұрып, таңдап, талғап оқуы қажеттігін айтып, авторға ақ батасын берді. Бұған дейін Астана, Алматы қалаларында таныстырылымы өткен «Күміс кітапты» оралдық оқырмандар да жылы қабылдады. Олар кітап авторына сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды, өз ықылас-пейілдерін де білдірді. «Ақ Жайық жұртшылығына алғысым мол. Сапар барысында көптеген адамдармен кездесіп, кітап оқу мәдениеті, әлеуметтік желіні қолдана білу, қазіргі журналистиканың жай-күйі, жастар саясаты және басқа өзекті мәселелер жөнінде пікірлесіп, жақсы әсер алдым. «Күміс кітапты» жазудағы ойым да жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру еді. Көп оқыған адамның мойны озық, сезімі сергек, санасы жоғары, табыс-жетістіктері мол  болады. Кітап туралы қандай ма болсын пікір құнды. Ең бастысы, жастардың ойынан шыға білсем, мақсатымның орындалғаны», деді Бақытжан Бұқарбай.

Оралда Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітабы» оқырмандарына жол тартты

Оралда Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітабы» оқырмандарына жол тартты

Оралда Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітабы» оқырмандарына жол тартты

Автор: Елжан Ералы

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.