“Алтын адамы”, “Күміс кітабы” бар қазақпыз!

1
3262

Жаңа жылды жаңа кітаппен бастағанды жөн санадым. Кітап қалың оқырманға емес, кітап оқығысы келіп талаптанып жүргендерге арналған-ау, сірә. Қазақ һәм әлем әдебиетін кеміріп, кітап таңдауда өзіндік талғамыңыз қалыптасып, артыңыздан ерген іні-қарындастарыңызды оқырман етіп қалыптастырып жүрген жандардан болсаңыз, кітаптан аттап өте беруіңізге болады. Неге? Себебі, бұл кітап – кітап оқуға үйрететін кітап.

Ұнаған тұстарына оралатын болсақ, құдды бір автормен сұқбаттасып, әңгіме-дүкен құрып отырғандай сезімде боласыз. Бақытжан Бұқарбай ағамыз балалық шағынан бастап, қазіргі күнге дейінгі “кітапқа” қатысты барлық қызықтарын қазақ қаріптерімен көркем жеткізген. Біздегі білім жүйесінің әлі де болса студенттерге салғырт қарайтынын, оларға жаны ашымайтынын, ал олардың өз кезегінде “баға” үшін оқуы білікті маманның шықпауын меңзейді. Ақпараттың әр минут сайын жаңарып отырған ағымында қолынан түскен кітапты оқи беру күнә іспеттес, өйткені жылына 100 кітап оқимын деп максимализммен алғанның өзінде 100 жылда 10мың ғана кітап оқи алады екенбіз. Бұл шынымен де уақыттың, кітаптың қадірін ұғынуға аргумент болары сөзсіз.

Алты айға межелеген кітаптың алғашқысын қабыл алыңыздар. “Білікке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік!”-деп өткен Абылай xан үш жүздің басы үш әлеуметтік желіде қосылып, кітаптарын жариялап, білімге ұмтылғанын көрсе, көңілі бір марқайып қалар еді. Кітап – ақылына ақы сұрамайтын ақылшың!

ХХІ ғасыр – білімнің заманы! Баршаңызды кітап оқуға шақырамын, бұйырамын!

Авторы: Сәлім Қойшыбай

1 COMMENT

  1. Бақытжан аға. Мен сізге өте ризамын. Керемет жансыз. Мен”Революцияны том-том кітаптар емес қалт кітаптары жасайды дегенді көп еститінмін,алайда сенбейьін едим. Алайда сіздің кітабыңызды оқығаннан кейін көзім жетті. Қазақта сіздей жандар қай салада болсын көбейсін, мен де боламын иншаллах(бизнес саласында). Қазір енді кім менен кітап туралы сұраса калайда болсын сіздің кітабыңызды бірінші оқу керек деп көнбесіне қоймаймын, сəл де болсын пайдам тисің деген ойым ғой енді. Жəне сізге бір сұрағым бар еді. Сіз кітабыңызда айтып өткен бизнесмен досыңызға берген кітаптың атын айта аласыз ба? Əрине, сіздің де бизнес жайлы кітабыңызды(настрльная книга каждого казахстанского бизнесмена) құштар болып қалдым өйткені қазақстанның кай саласында бизнес бастауға потенциалы көп екенін, қай бағытты дамытсақ əлемдік масштабтағы брендті шыңаруға мүмкіндігіміз көп екенін зерттеп жүрген едім, алайда финанстық мəселе кітапқа тапсырыс беруге мүмкіндік бермей тұр. Алайда мен сізге уəде берем, мен ол кітапты кітап дүкенінде тұрып болсын оқып бітірем.
    Бүгін мен Жарқын Болашақ атты олимпиадаға дайындалып жатқан едім(KATEV білім қорының қазақ тілі олимпиадасы, негізі мен Шымкент қазақ-түрік ұл балалар лицейінде оқимын). Ыбырай Алтынсарин туралы эссе жазу керек болды. Оның ағартушылық жолындағы еңбектерін, қазаққа, туған жеріне деген сезімін оқып бірден сіздіесіме алжым. Ұлылар салған жолды ұлылар жалғастыруы орынды деп санап, ішімнен өте қатты риза болдым, еліміз патриоттар қолында(кейбір шенеунікьерді есептемегенде, əрине).
    Жақында президентіміз өзінің Рухани жаңғыру 3.0 келесі қадамынтаныстырды . Сол мақаланы оқып шыққан едім бұрын. Осы іс негізінде біздің еліміз тəуелсіздік ала салысымен жасалу керек ркформа еді, алайда екшкім қателіксіз жетістікке жетпес. Енді айтқым келгені сіздің кітабыңызды оқыған кезде “Күміс кітаптың” президентіміздің жолдауын халыққа жеткізетін нұсқаулық ретінде қолдану керек деген ойға келдім. Өйткені ол жерде айтылған заттарды жете түсіну үшін бізге рухани жаңғыру керек. Рухани қазынамыз төмен болып тұрып рухани жаңғыруды қайдан түсінкді халық? Ал сіздің кітабыңыз өте керемет жолмен баяндалған рухани жаңғыруға апарар жол іспеттес. Осы реформа аясында қолға алынып отырған барлық іс əрекеттерді сапалы атқару үшін сіздің кітабыңыз нұсқаулық болар еді. Жүз жаңа есім- сіз жазған биографиялар жəне басқа да аталған тұлғалар жайында, туған жер- бүкіл Күміс кітап десек дұрыс болар, латын əліпбиіде сіздің айтқандарыңыздың астарынан шығаратын қорытынды іспеттес. Менің ойымша сізге осы идеяны ұсыну керек.
    Сіздей жанмен сөйлеспегенде кіммен сөйлесу керек? Мен баяғыдағы Байтұрсынов секілді жандарға жазғандай сезімдемін. Егер оқып жауап қатсаңыз төбем көкке түгелдей жететін еді. Назарыңызға рахмет!

Leave a Reply to Əсет Cancel reply

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.