Мөлдір Жұмағұлова «Күміс кітап» туралы

0
2997

Алматыма қысқы демалысқа келгенімде, кітап дүкеніне кіріп, біраз кітаптар алайын деп шештім. Өз басым көңілге арқау болатын кітаптарды сүйсіне оқимын. Шет елде жүргенімде тек қана ағылшын тілінде кітап оқып жүрдім, анда-санда орыс тілінде кітаптар оқитынмын. Қазақ тілінде кітаптар алмағаныма біраз күрсіндім. Қанша дегенмен, туған жеріңді, ана тіліңді сағынады екенсің…

«Осыдан үйге барсам қазақ тілінде жаңадан шыққан кітаптар алмасам» — деп ойлап қоятынмын. Меломан дүкеніне кіріп, қазақ тілінде жазылған жаңадан шыққаны қойсын, қазақ тілінде жаңа кітаптар іздедім. Әрине, қазақ авторларының кітаптары бар, бірақ мен заманауи қазақ авторларының, қазақ тілінде жазылған кітаптарын іздедім. Ит азабына салынып, іздесем де таппадым. Кітап сатушысына барып маған қазақ тілінде жазылған заманауи кітаптарды әкелуін сұрадым. Ол маған тележүргізуші Ләйләнiң (Тегін ұмыттым) кітабын және осы кітапты алып келді. Басқасының жоқтығын айтты. Екеуі де философиялық ой жанрында болып көрінді. Тележүргізушің ойлары қызықтырмағандықтан, жаңа персонаның ойын, ынтасын оқып көрейін деп осы кітапты сатып алдым.

Бақытжан Бұқарбай ағамыздың «Күміс кітап» туындысын 1 күнде тез оқып шықтым. Тамсандырды!Қатаң түрде осы кітапты оқуға кеңес беремін.

Замандастар! Осы кітапты оқып, жаңа ашуларға бел буайық. Автор айтқандай көше сыпырып кетпейік. Орыс тілінде де аударылғанын қалар едім. Замандастарымыздың біршамасы қазақ тілін біле бермейді, орыс тілінде аудармасын оқып, қазақ тілін үйренуге ынтасы артсын деген ойым ғой.

Авторы: Мөлдір Жұмағұлова

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.