Бақытжан Бұқарбай қазақстандық бизнес туралы кітап шығарды

0
2235

Алматы. 26 қаңтар. 7kun.kz – Белгілі қазақстандық саясаттанушы, суретші, публицист Бақытжан Бұқарбайдың «Қазақ бизнесменінің үстел кітабы» («Настольной книги казахского бизнесмена») атты жаңа кітабы жарық көрді.

Автор кітапты жазу үшін Алматы қаласының 8 ХҚКО барып, 300-ден астам адам арасында сауалнама жүргізген. 3 апта бойы оқырмандарға қызықты бизнесмендердің есімін анықтап, зерттеп, Forbes тізіміндегі табысты бизнесмендермен сұхбаттасқан. Олардың қатарында  «Қанағат» асханалар желісінің негізін салушы Шынар Бүгімбаева, Райымбек Баталов, Марғұлан Сейсембай, Арманжан Байтасов, Қайрат Құдайберген бар.

Кітаптың безендіруін автор өзі жасаған. Бұл үшін ол 12 портретті қолмен салып, кітаптың сыртын безендіру үшін киізден 100 бағыттаушы кескен, әрі осы жұмыстың барлығына 7 ай уақыт жұмсапты.

Кітапта сәтті бизнес-жоспарды қалай жазу, мықты менеджер болу, ұзақмерзімді команда құру, тиімді маркетинг қалыптастыру, бизнес үшін мотивацияны қалай алу, қазақстанда бизнесті қалай сақтау керегі туралы түсіндіреді. 11 танымал бизнесменмен сұхбаттаса отырып, жазылған кітапта 200 бетке жуық пайдалы ақпарат аласыз.

Кітапқа nkkb.amalbooks.kz сайты арқылы тапсырыс беруге болады.

Автор туралы:

Бақытжан Бұқарбай, саясаттанушы, суретші, публицист, қазақ тілін үйренушілерге арналған танымал BAS QOSU жобасының авторы. Бұған дейін ол екі жеке сурет көрмесін өткізді. Кейін AmalBooks баспасын ашып, оқырман арасында сұранысқа ие болған «Күміс кітап» атты жеке кітабын, «67 уроков от миллионера из 90-х» кітабын жарыққа шығарды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.