Қазақ тілді журналист-блогерлер

0
2443

Автор: Aina Dosmakhambet

Қазіргі таңда блог жазу сәнге айналған сияқты. Екінің бірі өзін блогермын дейды. Ал блогерлер өздерін кей жағдайда журналисттермен шатыстырады. Алайда, осы екі саланың басын бірдей ұстай білген, өз ой халыққа жеткізе білетін, жан-жақты дамыған, көзқарасы кең жандар да аз емес. Бүгін Comode сіздерді сондай адамдардың белсенді бір бөлігімен таныстырмақ.

Өркен Кенжебек

Өркен «Хабар» агенттігінің арнайы жобалар қызметінің жетекшісі. WordPress блог тұғырында «Өркеннің өрнегі» атты блогы осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған. Алайда, соңғы кезде блогқа жазғаннан гөрі, әлеуметтік желілерде өз ойын, пікірін көбірек жариялайды. Осы күнге дейін бірнеше басылымдарда қызмет істеп келді. Өркеннің жазбаларын өз блогынан басқа өзге де сайттардан табуға болады. Жақын арада Малайзияға медециналық блог турмен барып қайтты.

Бақытжан Бұқарбаев

Казнеттегі белсенді, әрі танымал адамдардың бір — Бахытжан Бұхарбаев. Негізгі мамандығы бойынша политолог. Нағыз қазақ тілінің жанашыры. Қазақ тілін жаңа деңгейге көтеріп, көпшілікке үйрету мақсатымен «Men qazaqpyn» жобасын ойлап тапты. Бұл жоба өз жұмысын қазақша жетік меңгерген өзге ұлттың адамдарымен сұхбат ретінде бастады. Қазігі таңда сұхбаттар видео форматқа көшті. Бахытжанның айтуы бойынша, экраннан таза қазақша сөйлеп тұрған басқа ұлт өкілінің видео сұхбаты текст ретінде жазылған сұхбатқа қарағанда адамдарға көбірек әсер етеді. Сонымен қатар 2014 жылы Бахтыжан «Бас қосу» атты қазақ тілі клубын құрды. Қаламға жақын Бахытжан сурет салудан да шебер. 8-16 желтоқсан аралығында Алматыда Шұбаркөл көмір кен орнының 30 жылдығына арналған жеке сурет көрмесі өтеді.

Тимур Бектұр

Қазақ тілі блогерлердің тағы бір өкілі — Тимур Бектұр. «Көңіл көкжиегі» атты жеке блогын http://timurdan.info/ сілтемесі бойынша табуға болады. Университетті бағдарламашы-инженер мамандығы бойынша бітіргеніне қарамастан, ақпараттық технологиялар мен блог жазу жанына жақынырақ болды. Тимурдың қозғайтын тақырыптары сан алуан: жаңа технологиялар мен IT-дан бастап, тарих пен ислам дініне дейін. Өз ойын толық әрі оқырманға оңай қазақ тілімен еркін жеткізе алатын Тимур интернет пайдаланушыларға сайт жасау өнерімен де пайдалы бола алады.

Асхат Еркімбай

Қазақ тілінің, қазақ журналистикасының дамуына өз үлесін қосып жатқан белсенді блогер-журналисттердің бірі — Асхат Еркімбай. Асхат тек ақпаратты оқып жатқан оқырмандардың ғана емес, сонымен қатар сол ақпаратты қоғамға жеткізіп жүрген журналисттердің де қамын ойлайды. WordPress блог тұғырымында «Өрімтал» атты блогын белсенді түрде толықтырып жүр. Журналистика саласында қол жеткізген жетістіктері де мол. Қазақ тіліндежурналисттер мен блогерлерге арналған түрлі шараларды, семинар және тренингтерді ұйымдастырушы.

Роза Әрен

Ер азаматтардың тізімін нәзік жанды журналист-блогермен бөлейік. Роза өзін тілші, балықшының немересі, Аралдың қызы деп таныстырады. «Розатайдың блогы» атты блогын осыдан бес жыл бұрын бастап, қазіргі күнге дейін жаңа жазбалармен оқырмандарын қуантып келеді. Блогта түрлі айдарлар бар. Роза да белгілі бір бағытты таңдамай, сан алуан түрлі тақырыптарда жазады. Блог ашуына себепші болған жоғарыда айтылып өткен Асхат Еркімбай.

Аршат Ораз

Аршат Оразов — қазақ интернетіндегі бірнеше жобалардың авторы. Солардың ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап ашылған 1465.kz сайты. Қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан «Керек инфор» блог тұғырының бас редакторы. Аршат Түркия елінде білім алған. Қазақстан блогерлер ассоцияциясының белсенді мүшесі. Блогерлікке 2007 жылы келді.

Азамат Битан

bitanazamat.kz блогының авторы. Азамат та өзге блогерлер сияқты өз блогында түрлі тақырыптарды қозғап отырады. Өз ойын дін тақырыбында да, ақпараттық технологиялар тақырыбында да, еліміздің тарихы жайлы жазбаларда да оқырманға түсінікті тілде жеткізе алады. Елімізде өтетін блогерлік шаралардың белсенді қатысушысы. Жеке блогынан басқа, Азаматтың еңбектерін түрлі сайттар мен блог тұғырлардан табуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.