Ақтауда аға буын өкілдері мен жастар бас қосты

0
2076

Ақтауда Amal Talks интеллектуалды конференциясы өтуде. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шарада түрлі буын мен сан саланың өкілдері бас қосып, ой-пікірлерін ортаға тастады. Егемен ел болып қалыптасуымызға еңбегі сіңген аға буын жастарға құнды ойларын жеткізсе, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері тәжірибелерімен бөлісті. Араларында Маңғыстауға тұңғыш рет табан тіреген шетелдік саяхатшылар да болды.

Amal Talks интеллектуалды конференциясында «Тәуелсіздік шежіресі» атты жаңа жобаның тұсауы кесілді. Игі бастама аясында егемендіктің алғашқы жылдарынан естеліктер шерткен қарапайым еңбек адамдары туралы шағын фильмдер әзірленетін болады. National Geographic журналының қазақ тіліндегі алғашқы нұсқасы да таныстырылды. Әлемнің 80 елінде басылатын әйгілі журналдың бірінші данасында мұнайлы өңір туралы құнды мәліметтер жарық көрген екен.

Бақытжан Бұқарбай, саясаттанушы:

— Жастардың өмірі интернетпен, жаңа трендтермен байланысты. Ал аға буынға бас қосатын алаңдар керек. Жастардың көбі интернетте отырып, сол жерде ойларын ортаға салады, ал аға буынның көбісі ғаламторды қолданбайды. Сондықтан арадағы сабақтастық үзіліп қалмауы үшін осындай шаралардың өтіп тұрғаны өте орынды. 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.