Herkes bilsin, çok mutlu bir hayat yaşadım.
Kemal Basmaci
Әдебиет саласында тағайындалатын Нобель сыйлығын алған тұңғыш түрік жазушысы Орхан Памуктың шығармаларын оқып келе жатқаныма биыл он жыл болды. 2006 жылы жазда «Черная книга» романын оқып шығып, үлкен әсер алдым. Бірнеше айдан соң жазушыға Нобель сыйлығы берілді. Осы еңбегімен танысқан бойы өркениеттер тоғысқан қалаға ғашық болдым. Содан бері автордың алты кітабын оқып шықтым.
«Музей невинности» (Masumiyet Muzesi) романында да Памук есімін әлемге танымал еткен тақырыптарын көтеруді жалғастырады. Олар Батыс пен Шығыстың қақтығысы, өз-өзіңді табу, Ыстамбұл көшелері мен үйлерінде мекендейтін меланхолия. Алты жүз беттік шығарма болса да, жаздыгүні ыстықта салқын суды қалай сімірсең, бұл кітапты да көзді ашып-жұмғанша тауысып тастайсың.
Кітап қызық басталып, ортасы тым созылып кеткендей көрінгенмен, соңына қарай автордың не айтқысы келгенін түсінесің. 1975 жыл. Түркияда Батыстың лебі есе бастаған уақыт. Түрік кәсіпкерлері өнімін жарнамалау үшін Еуропадан тізесі шыққан киімдей керек болмай қалған модельдерді тартумен әлек. Дәстүрлі қоғамның үстемдігі әлі де басым болғанына қарамастан, елдің келбетіне біржола өзгерістер енгізетін үдерістер басталып кетті. Бас кейіпкер — ауқатты әулеттен шыққан жасы отызға таяп қалған Кемаль Еуропада білім алған Сибель есімді қызға үйленуге қызу дайындалып жатыр. Ұзатуға бірнеше апта қалғанда ол он сегіз жасар Фюсун есімді дүкендегі сатушы қызды кезіктіреді. Арада көп ұзамай екеуі жақындасады. Кемальға өмірі тұрақтанғандай сезіледі, жақында дәрежесіне лайықты әйелге қосылып, жас көңілдесіне барып тұруға ештеңе кедергі болмайтындай көрінеді. Ұзатудан кейін келесі күні Фюсун із-түссіз жоғалады. Кемаль ғашық болғанын түсініп, Фюсунді іздеуге кіріседі.
Сюжеті қарапайым болып көрінгенмен, Памук романында өзекті тақырыптарды көтереді: Батысқа ұмтылатын дәстүрлі қоғамдардағы комплекстер, бүгінгі ұят саналатын — ертеңгі тарих, махаббат арқылы өзіңді тану, hic et nunc сәттерінен үлкен тарих тұратынын ұғыну. Түркияда үкімет ауысып, әскери төңкерістер болып, қоғам өзгеріп жатқан сәтте Кемаль Фюсунға махаббатын баяндайтын музейді қалыптастырып жатады.
Бас кейіпкер:
Своим музеем я хочу научить людей гордиться своей жизнью. Я много ездил, много повидал: только европейцы гордяться собой, большая часть мира себя стесняется. А если бы то, что вызывает у вас стыд, было выставлено в музеях, оно бы сразу стало предметом гордости. […] «Наши музеи не должны демонстрировать мечту наших богачей стать европейцами, а показывать нашу жизнь
— деп ойлайды. Кітапты оқу кезінде өркениеттер мен кезеңдер торабында өмір кешкен жандар бақыттың не екенін ғұмыр бойы сезіне алмай өтетіндей көрінді.
Қазақ оқырманын бұл кітап алдымен өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы Түркиядағы қоғамдық өзгерістер мен қазіргі біздің елдегі трендтердің ұқсастығымен қызықтыруы мүмкін. Мәселен, 1) тұрмысқа шыққанға дейінгі қыздың пәктігі мәселесі, 2) Батыстық өмір салтының қоғамға енуі, 3) діни мәселеде азаматтардың өзге елдердің дәстүріне еліктеуі, 4) піспеген қоғам өкілінің өзгеге ұнау үшін әлектенуі, 5) сырттан енген дәстүрлерге қарсы шығу және т.б.
Мы всей семьей ездили туда на выходных ужинать, чтобы отведать чудного блюда под названием «гамбургер», тогда еще не подававшегося ни в одной турецкой закусочной
және
На днях видел человека в Бейоглу. Идет как араб, а сзади него две жены в черных хиджабах. Вот он вывел их в Бейоглу покормить мороженым… Ну-ка скажи мне, всерьез ли ты решил жениться на этой девушке и быть с ней счастливым до конца дней?
және
На самом деле я носил с собой радио не для того, чтобы слушать матч, а чтобы произвести на тебя впечатление. И горжусь тем, что у меня у первого в Стамбуле был транзистор
және
Помню, даже моей матери не нравилось, что в некоторых богатых мусульманских семьях из Шишли и Нишанташи ставили наряженную елку, подражая христианам на Рождество, и за это она называла некоторых наших знакомых пусть и не «безродными» или «неверными», как в консервативной прессе, но «безголовыми»
сияқты үзінділерді оқып отырып, Памук сол кездегі Ыстамбұлдағы емес, қазіргі еліміздегі жекелеген көңіл-күйлерді сипаттағандай көрінді.
Ең қызығы, 2012 жылы жазушы Нобель сыйлығымен келген миллион долларын сауып, Ыстамбұлда романы сияқты аталатын музей ашыпты. Кітапта билеттің суреті бар, сонымен музейге тегін кіруге болатын ұқсайды. Кіреберісте музей қызметкері суреттің бетіне Фюсуннің сырғасын бейнелейтін мөрді басып береді екен:
Бұл туралы тым кеш білдім. Ыстамбұлда содан бері екі мәрте болсам да, ат басын музейге тіремеппін. Келесі барғанда маст си тізіміне қосып, ауыр кітапты өзіммен арқалап барамын. Памук әлемдік деңгейдегі мәдениетті қалыптастыра алатын ұлы жазушы екенін тағы бір дәлелдей алды.