Дарон Аджемоглу, Джеймс Робинсон, Почему одни страны богатые, а другие бедные

1
3216

Таныстарыңыздан осыған дейін бір рет те болса «Қазақстанның сонша байлығы бола тұра, 17 миллион халқы неліктен кедей өмір сүреді?» деп айтқанын естіген боларсыздар. Бұл риторикалық сұрақ емес. Оның нақты жауабы бар және авторлар өз еңбегінде оны он бес жылдық сараптама негізінде толық ашып шыққан.

Саясаттануда кез келген мемлекеттің даму жағдайы мен әлемдік теңсіздікті түсіндіретін бірнеше әдіс бар екенін бұрыннан білетінмін. Олар географиялық детерминизм, мәдени детерминизм және институционалдық әдіс. «Почему одни страны богатые, а другие бедные» кітабын (түпнұсқада Why Nations Fail) оқып, олардан бөлек надандық теориясы да бар екенін білдім. Оларды қысқаша сипаттайтын болсақ:

  • географиялық детерминизм бойынша бай елдер мен кедей елдер арасындағы теңсіздік олардың географиялық орналасуымен түсіндіріледі. Бұл теория 18 ғасырда өмір сүрген француз ойшылы Шарль де Монтескьенің еңбектерінен бастау алады. Монтескье тропик белдеуінде орналасқан мемлекеттердің тұрғындары еріншек, білімге ұмтылмайды, еңбегінің өнімділігін арттыруға құлшынысы жоқ және осының нәтижесінде кедей болады деп есептеген. Географиялық теорияның шындықпен жанаспайтыны баяғыда дәлелденсе де, еліміздің басшылығы оны ұстанатыны Елбасының былтыр жастар форумында айтқан сөзінде байқалып қалды:

Некоторые задают вопрос: почему мы еще не живем как в Западной Европе или как в Арабских эмиратах или, как допустим, в Америке? Не все так очевидно. Есть конкретные простые факторы, которые кардинально влияют на нашу с вами экономику и жизнь. Прежде всего, это климат, это большие расстояния, это отсутствие выхода к морю, это историческое культурное наше наследие. По сути, все эти годы мы движемся вопреки многим объективным обстоятельствам.

Богатые государства топ-30 лучших, куда мы стремимся с вами, или организация экономически развитых стран — ОЭСР находятся в более благоприятном климате, чем Казахстан. Это страны Западной Европы, Австралия, США, Япония, Сингапур, Южная Корея, Малайзия, Арабские Эмираты и другие.

«Настоящих морозных зим как у нас там практически нет. (…) у них везде есть выход к морю и океану. (…) экономическое процветание не любит холода, предпочитает теплый умеренный климат. Эти страны экономят по сравнению с нами энергию в 3 раза больше, чем мы. Например, построить один двухэтажный дом в Астане и построить такой же дом в Малайзии в 10 раз дороже. Нам надо двухметровой толщины стенку, нам надо утеплять, обогревать, они могут просто деревянные коробки построить дом.

  • мәдени детерминизм жекелеген қоғамда қалыптасқан мәдениет оның даму көрсеткішіне тікелей ықпал етеді дейді. Мәселен, протестантизм Еуропа елдерінде өндірістің пайда болуына себепші болып, олардың баюына тікелей жол ашты, ал ислам тараған мемлекеттер Еуропа елдерімен салыстырғанда даму жағынан артта қалған деп санайды.
  • надандық теориясы кедей мемлекеттердің билеушілері өз елін қалай байыту керек жолдарын біле бермейді деп есептейді.
  • институционалдық әдіс жекелеген елдің дамуын ондағы қалыптасқан саяси және экономикалық институттардың даму деңгейімен түсіндіреді.

Кітап авторлары бірінші аталған үш теорияны толық (географиялық детерминизм) және жартылай (мәдени детерминизм) жоққа шығарып, институционалдық әдістің жақтастары екенін жасырмайды. Жер бетінде ата заманнан бері өмір сүрген мемлекеттердің институттарына жан-жақты сараптама беріп, өз ұстанымдарын салмақты аргументтермен дәлелдей алған. Олармен толық келісуге негіз бар. Мәселен, бір белдеуде жатса да, екі түрлі даму деңгейін көрсеткен екі Кореяның мысалы географиялық детерминизмді жоққа шығарып жатыр. Тура сол секілді Шығыс Азия мен Қытай мысалдары мәдени теорияның әлсіздігін дәлелдейді. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінің алғашқы билеушілері білімі жетпегендіктен сырттан мықты мамандарды елге тартып, мемлекетін қысқа аралықта дамыта алғандығы да надандық теориясының өміршең еместігін байқатады.

Алайда институционалдық әдісті жоққа шығару оңай емес және қазіргі уақытта бұл мемлекеттердің дамуы арасындағы теңсіздікті түсіндіретін ең өзекті теориялардың бірі.

Институты влияют на поведение и стимулы людей, от них зависит успех или крах страны.

Әрбір мемлекеттегі институттарды экстрактивті (халықтың бір бөлігінің еңбегін екінші бөлігін байытуға бағытталған институт) және инклюзивті (халықтың басым көпшілігін экономикалық белсенділікке ынталандыратын институт) деп қарастырып, олардың әр түрлі комбинациясынан не шығатынын нақты мысалдармен дәлелдейді.

Экстрактивные институты порождают неограниченную власть и ведут к росту неравенства в доходах, а бенефициаром всех благ, которые приносит неограниченная власть, становится всякий, кому удалось встать во главе государства.

[…] Инклюзивные экономические институты, обеспечивающие права собственности, создающие ровное игровое поле и привлекающие инвестиции в новые технологии и знания, более благоприятствуют экономическому росту, чем экстрактивные экономические институты, которые приводят к изъятию ресурсов у большинства в пользу меньшинства и не могут обеспечить права или дать стимулы для экономической деятельности.

Авторлардың пікірінше, экстрактивті институттары қалыптасқан мемлекеттердің билеушілері елде жаңа технологиялар таралып, индустрияландырудың жүзеге асқанын қаламайды, себебі бұл оларды жасампаз күйреуге (creative destruction) алып келеді.

Боязнь созидательного разрушения — это главная причина, по которой рост уровня жизни, начиная с неолитической эпохи и до промышленной революции, не был устойчивым. Технологические инновации приносят человеческому обществу процветание, однако они также ведут к замене старого новым, уничтожению экономических привилегий и политического влияния некоторых людей.

Аджемоглу мен Робинсон мәселені керемет сипаттай ғана қоймай, сонымен қатар шешімін де ұсынады:

Часто для того, чтобы какое-либо государство пошло по пути строительства инклюзивных институтов, необходимо сочетание разных факторов, в особенности совпадении критической точки перелома и наличия широкой коалиции сторонников реформ плюс укоренившихся и благоприятных для реформы институтов.

Қысқасы, Дарон Аджемоглу мен Джеймс Робинсонның «Почему одни страны богатые, а другие бедные» еңбегі менің соңғы жылдары оқыған кітаптардың ішіндегі ең мықтыларының бірі болып шықты. Саясаттану мамандығы бойынша оқитын студенттердің барлығына міндетті түрде оқып шығуға кеңес беремін.

Айтқандай, Дарон Аджемоглу биылғы жылы өтетін Астана экономикалық форумына шақырылған спикерлердің бірі. Астаналықтар, автормен кездесу мүмкіндігі күнде туындай бермейді, жіберіп алмаңдар.

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Өте жақсы қорытып жазыпсың, рахмет!!! Менде бұл кітаптың т.рікше нұсқасын бастап оқып жатыр едім. Сіздің пікіріңізден соң, тіпті қызығушылығым артты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.