Бұл кітап жиырмасыншы ғасысрда үлкен көрегендікпен жазылған туындылардың бірі. 1944 жылы Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталар қарсаңында жазылған. Фридрих фон Хайек австриялық мектептің көрнекті өкілі, танымал экономист, Нобель сыйлығының иегері.
КСРО-ның майдандағы жеңістері мен советтерде оған дейін жүргізілген индустриализацияның арқасында соғыс жылдары көптеген батыс елдерінің социалистік модельге көңілі ауа бастағанын тарихтан жақсы білеміз. Австрияның тумасы болғанына қарамастан, соғыс кезінде Ұлыбританияға қоныс аударған экономист социалистік бағыттың тығырыққа әкелетін жол екенін көрсетіп, КСРО-ның жоспарлы экономика моделін қатты сынға алып, оның апарар жолы тоталитаризм екенін ескертеді.
Еңбектің кіріспесінде либерализмнің жақтаушысы Хайек: «қазіргі заманда болып жатқан оқиғалардың тарихи оқиғалардан айырмашылығы сол, біз олардың неге алып келетінін білмейміз. Артқа қарап, өткеннің оқиғаларын түсінеміз, олардың салдарын көріп, бағалаймыз. Бірақ қазіргі тарих біз үшін тарих емес. Ол белгісіздікке бағытталған, біз алдымызда не күтіп тұрғанын ешқашан біліп айта алмаймыз деуге болады. Егер де біз бір оқиғаны екі рет бастан кешсек, жағдай басқаша болушы еді, себебі біз оның нәтижесін алдын ала білуші едік. […] Тарих тура сол күйінде қайталанбаса да, біз жекелеген үдерістерді қайталамау үшін өткеннен сабақ аламыз. Басымызға төнген қауіпті байқау үшін көріпкел болудың қажеті жоқ. Кейбір кездері тәжірибе мен қызығушылықтың арқасында адам оқиғаларды басқалар байқамайтын қырынан көреді. Келесі беттерде менің жеке тәжірибемнің нәтижесі баяндалады. Мен бір кезеңді екі рет бастан кешірдім, айтайын деп отырғаным, идеялардың бірдей эволюциясын екі мәрте бақыладым. Бұл тәжірибе үнемі бір елде тұратын адам үшін қол жетімсіз, ал егер ұзақ уақыт бойы әр елде тұрсаң, оған белгілі жағдайда қол жеткізуге болады. Көптеген өркениетті ұлттардың санасы бірдей ықпалға ұшырайды, бірақ олар әр түрлі уақытта әр түрлі жылдамдықпен көрініс табады. Сол себепті бір елден екінші елге көшкенде, зияткерлі даму кезеңдерінің екі мәрте куәгеріне айналасың», — деп жазады [қазақша аудармасы менікі].
Автордың пікірінше, экономиканы жоспарлы басқаруды күшейту социалистік идеялардың етек алуына әкеліп соғады, ал бұл дегеніміз — тотатиларизмге жетелейтін бірінші қадам. Хайек фашизм мен нацизм социалистік үрдіске жауап емес, керісінше оның жалғасы деп санайды. Коллективизм мен орталықтанған жоспарлау үшін экономикалық бостандықтан бас тарту қоғамды тек экономикалық емес, сонымен қатар адамның негізгі бостандықтарынан да айыратын «құлдыққа жетелейтін жол» деп түсіндіреді.
Бұл еңбек батыс елдерінде капитализм мен тарихи даму бірізділігін сақтап қалды деп айтсам, қателеспеймін. «Дорога к рабству» кітабы әлемдік саясат пен экономикаға қатты ықпал етіп, АҚШ-та Рейган кезіндегі және Ұлыбританияда Тэтчер дәуіріндегі экономикалық саясаттың келбетін анықтап беруге түрткі болды.
Өзім үшін түртіп алған үзінділерім мынау болды:
Частная собственность является главной гарантией свободы, причем не только для тех, кто владеет этой собственностью, но и для тех, кто ею не владеет.
***
Люди готовы покорно сносить страдания, которые могут выпасть на долю каждого. Но невзгоды, вызванные постановлениями властей, принимать гораздо труднее. Плохо быть винтиком в безличной машине, по неизмеримо хуже быть навсегда привязанным к своему месту и к начальству, которого ты не выбирал. Недовольство человека своей долей возрастает многократно от сознания, что его судьба зависит от действий других.
***
Государство должно ограничиться разработкой общих правил, применимых в ситуациях определенного типа, предоставив индивидам свободу во всем, что связано с обстоятельствами места и времени, ибо только индивиды могут знать в полной мере эти обстоятельства и приспосабливать к ним свои действия. А чтобы индивиды могли сознательно строить планы, у них должна быть возможность предвидеть действия правительства, способные на эти планы влиять. Но коль скоро действия государства должны быть прогнозируемы, они неизбежно должны определяться правилами, сформулированными безотносительно к каким-либо непредсказуемым обстоятельствам. Если же государство стремится направлять действия индивидов, предусматривая их конечные результаты, его деятельность должна строиться с учетом всех наличествующих в данный момент обстоятельств и, следовательно, является непредсказуемой. Этим объясняется известный факт, что, чем больше государство «планирует», тем труднее становится планировать индивиду.
***
Выводы, к которым пришел Макс Истмен, старый друг Ленина, ошеломили даже самих коммунистов. «Сталинизм, — пишет он, — не только не лучше, но хуже фашизма, ибо он гораздо более беспощаден, жесток, несправедлив, аморален, антидемократичен и не может быть оправдан ни надеждами, ни раскаянием». И далее: «Было бы правильно определить его как сверхфашизм».
***
Теперь мы должны ненадолго вернуться к той важнейшей мысли, что свобода личности несовместима с главенством одной какой–нибудь цели, подчиняющей себе всю жизнь общества. Единственным исключением из этого правила является в свободном обществе война или другие локализованные во времени катастрофы. Мобилизация всех общественных сил для устранения такой ситуации становится той ценой, которую мы сознательно платим за сохранение свободы в будущем. Из этого ясно, почему бессмысленны модные ныне фразы, что в мирное время мы должны будем делать то–то и то–то так, как делаем во время войны. Можно временно пожертвовать свободой во имя более прочной свободы в будущем. Но нельзя делать этот процесс перманентным.
***
Единственное, чего не выдержит демократия, от чего она может дать трещину, это необходимость существенного снижения уровня жизни в мирное время или достаточно длительный период, в течение которого будут отсутствовать видимые улучшения.
Фридрих фон Хайектің осы еңбегін әлеуметтік ғылымдармен айналысатын және қоғамның даму мәселелеріне қызығушылық танытатын барша адамға оқып шығуға кеңес беремін.