Теодор Драйзер, Финансист

0
3038

2017 жыл америкалық жазушының осы еңбегін оқудан басталды. Кітап өте қалың және, қызықты месседждерді қамтығанымен, қазіргі заман қарқынымен өмір сүретін оқырманға ыңғайсыз, себебі сипаттау жағы басым. Мәселен, басты кейіпкер жаңа үйге көшіп кіргенде оның қандай жиһаз сатып алғанын немесе келесі бір кейіпкердің кешкі кездесуге киетін киімді таңдап әуре болғанын тым ұзақ әрі ұсақ-түйегіне дейін суреттейді. «Финансист» — Теодор Драйзердің «The Trilogy of Desire» трилогиясының бірінші романы. Келесі романдары «Титан» және «Стоик» деп аталады. Оларды оқымаймын деп шештім.

«Финансист» романының басты кейіпкері Фрэнк Каупервуд жастайынан қаржы мен экономика саласына бейім болып өседі. Оның психологиясын өзі өмір сүретін ортасы қалыптастырады, әкесі банк қызметкері болып істейді. Бала кезінен-ақ сәтті әрі табысты операцияларды жүзеге асыра бастайды. Ал ер жеткенде биржада ойнап, спекулияцияларға салынады. Бара-бара оның табысы өсіп, ол Филадельфияның шенеуніктерін сатып ала бастайды. Болашағы бар бастамалардың акцияларын заңсыз иеленуді әдетке айналдырады. Билік пен байлық санасын жаулап, бірінші кезекке шығады. Жалпы, шығармада коммерсанттың психологиясы жақсы сипатталған. Ал биржада дағдарыс басталған кезде барлық серіктестері одан бас тартып, фиаскоға ұшырап, түрмеге жабылады.

Жазушы кітаптың негізгі идеясын Каупервудға үкім шығарып жатқан судьяның аузына салғандай:

Злоупотребление общественными средствами стало язвой нашего времени, и если не пресечь это зло со всей решимостью, то оно в конце концов разрушит весь наш общественный порядок. Государство, разъедаемое коррупцией, становится нежизнеспособным. Ему грозит опасность рассыпаться при первом же серьезном испытании.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.