Дәстүрлі менталитет пен жаңғырту: сын-қауіптер мен шешімдер

0
1397

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) Алматыдағы өкілдігінде «Дәстүрлі менталитет және модернизация: сын-қауіптер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Еліміздің дәстүрлі менталитетін есепке ала отырып қоғамды модернизациялау процессіне серпін беру үшін мемлекет тарапынан қандай шаралар іске асырылуы керек және осы жолда мемлекетімізді қандай қиындықтар күтіп тұрғанын белгілі қоғам қайраткерлері, сарапшылар, саясаттанушылар мен жазушылар талқыға салды, олардың қатарында: саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар Бақытжан Бұқарбай, Замир Қаражанов, Айдос Сарым, Толғанай Үмбеталиева, «Стратегия» Әлеуметтік және саяси зерттеулер қорының президенті Гүлмира Ілеуова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Ирина Черных, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің доценті Мұхит Асанбаев, «Комсомольская правда в Казахстане» ЖШС бас директоры Асылбек Бисенбаев, зерттеуші Елдар Жүргенов және т.б. болды.

Жиналғандардың пікірінше, бүгінгі күні қазақстандық қоғамды жаңғырту контекстінде жаңғырту жұмысы оның айтарлықтай дифференциациясы жағдайында қалай жүзеге асырылады деген сауал күн тәртібіне шығуда. Сарапшылардың айтуынша, жаңғырту процесіне жайғастырылуы жағынан қазақстандық қоғамның бір бөлігі жаңғыртылған, қалған бөлігі дәстүрлі, архаикалық әлеуметтік ортада орналасқан.

— Мемлекеттік стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға, соның ішінде, дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін бұл жолда маңызды қадамдар жасалуы керек. ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында өзгерістер ең алдымен жеке тұлғаның прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, білім культі секілді қасиеттерін арттыруды көздеу керектігі айтылған. Мемлекет басшысы қоғамның дамуын тежейтін «архаикалық және жаһандық ортаға үйлеспейтін әдеттерді» қалдыруға шақырады, — деді ӘЭСИ Алматылық өкілдігінің жетекшісі Асқар Нұрша.

Асқар Нұршаның сөзінше, заманауи қазақстандық қоғамның көп қырынан әлі күнге дейін дәстүрлі ортаға сай сипаты бар. Оған коллективизм, патернализм мен мемлекетке әлеуметтік және материалдық құндылықтарды реттеуші ретінде қараушылық секілді кеңестік кезеңде қалыптасқан менталитет қосылады.

— Қазақстан азаматтарының санасына мемлекеттің 25 жылдағы тәуелсіз дамуы да әсер етті, осы уақыт аралығындағы нарықтық экономика жағдайында халықтың стратегиялық қалыптасуы жүзеге асты. Бұл жағынан халықтың заманауи менталитетінің маңызды мінездемесі ретінде бейімділік, икемделгіштік пен өзгеріске қабілеттілікті атауға болады, — деді сарапшы.

Дөңгелек үстел жұмысы екі тақырыптық сессиядан тұрды: «Дәстүрлі менталитет: тірек пе, әлде жаңғыртуға кедергі ме?» және «Қоғамды жаңғырту: сын-қауіптер мен шешімдер».

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.