Жетісу өңірінен шыққан танымал тұлғалар жайында жеке-жеке биографиялық кітап шығарылмақ. Оны келесі жылы жүзеге асыру жоспарланған. Жоба ерекшелігі Алматы облысының дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар жайында танымал емес, енді ғана қалам ұстаған жас жазушылар жазуы тиіс. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтылды. Идея авторы — елімізге белгілі саясаттанушы, публицист Бақытжан Бұқарбай. Ол жиында жобаның маңыздылығына тоқталды. Мәселен, бұл Елбасының болашаққа бағдар рухани жаңғыру бағдарламасын сәтімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, Алматы облысының дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар халық арасында насихатталып, жастарға үлгі болмақ. Бұдан бөлек, жас жазушыларға берілген таптырмас мүмкіндік — дейді, ұйымдастырушылар. Басқосу соңында іріктеу кезеңі мен байқауға қатысу тәртібі айтылды.