Нацуко Ока, Другая Япония. Жизнь без чайной церемонии

0
2476

Жапон авторы жазған Жапония туралы біздегі небір жағымды стереотиптерді жоққа шығаратын кітап. Алматыда екі жылдам астам уақыт бойы тұрған Нацуко Ока (мен онымен 2011 жылы алғаш танысқан едім. Оқу бітіре салып, жаңа жұмысқа шыққан алғашқы күндерімде күтпеген жерде кабинетіме кіріп қалғаны есімде) кітабының басында қазақтардың Жапония туралы түсініктерімен танысып, шок болғанын айтады. Мәселен, жапондардың бала тәрбиесіне қатысты біздің түсініктеріміз жапондардың өздерін таң қалдыратын жағдайда екен.

Кітаптың пішіні шағын, бір отырғанда оқылады. Нацуко Ока еңбегінде елінің қазіргі өмірін жақсы сипаттай білген. Жастардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуы, зейнетақы жүйесі, олардың бір-біріне не сыйлайтыны, қонаққа баруы, мектепке дайындығы және көптеген тұстары туралы айтыпты. Жапондардың кейбір әдеттері қазаққа таныс көрінсе, енді біреулері он ұйықтасаң түсіңе кірмейтіндей екен.

Мәселен, жапондар қартайып жатқан ұлт саналады. Халықтың өмір сүру жасын өсіру бізге мақсат әрі жетістік көрінгенмен, халықтың үлкен жасқа дейін өмір сүруінен туындайтын мәселелерді біз елестетпейміз, ол туралы ойламаймыз, ал Нацуко осының барлығын нағыз ғалым ретінде жалпақ тілмен жақсы сипаттап бере алыпты. Біріншіден, қарттар саны тым көп болса, зейнетақы жүйесіне ауыр болады екен. Бұл Жапонияда шешімін таппай келе жатқан мәселе саналады. Екіншіден, қарттар санының күрт өсіп кетуі кодокуси деп аталған жаңа құбылыстың пайда болуына алып келіпті. Олардың біраз бөлігі жалғыздықта өліп, бұл туралы көп жағдайда бірден біле бермейді. Үшіншіден, жапондардың еркектерінің жиырма пайызы ешқашан отбасы құрмайды екен және, жалпы алғанда, халқы үшін үйлі, балалы болу негізгі мақсаттардың бірі емес екен. Сондықтан неке құрмай, бала өсіріп, оны тәрбиелеу бақытын танымаған тұрғындары қартайғанда балалардың шулағанын көтере алмай, қалалық қызметтерге шағымданып жататыны сирек құбылыс саналмайды екен.

Өнімдерін тұтынғанмен, ашығын айту керек, көпшілігіміз үшін Жапония бейтаныс алып ел болып қалып отыр. Содан болар, біз осы елді қай жағынан алсақ та идеалистік тұрғыда қабылдаймыз. Нацуко Оканың «Другая Япония» туындысы сізде Жапония туралы барынша нақты түсінік қалыптастырары сөзсіз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.