Бақытжан Бұқарбай: жастар көбіне мультимедиялық, жаңа медияға жақын

0
1520

Қазақ блогерлерінің арасында ең белсіндірелірінің бірі, көкірегі ояу, халқының қамын әрқашан ойлап жүретін Бақытжан Бұқарбаймен мультимедиялық журнализм жайында болған телефон сұхбатымызды төменнен таба аласыздар.

Қайырлы кеш Бақытжан аға! Сізге 4-5 сұрағым бар еді, қоюға рұқсат етсеңіз?

Қайырлы кеш! Әрине, қоя беріңіз.

Блогерлікті бастау тарихыңызды және қазір қай сайттарда блог жүргізестіндігіңіз жайлы айтып берсеңіз?

Негізі бірінші рет мына блог тұғырнамада ашылған жеке парақшам  2010 жылы тамыз айында болды. Енді кезінде «Mail.ru» жүйесінде блогтар деген рубрика болды есіңізде болса. Қазір қолданбайм оны, бірақ шамамен 2005 жылы ол жерде де 1-2 жазбам болды, егер нақты қай кезден блог жазуды бастадыңыз дейтін болсаңыз. Бірақ тұрғылықты жазып бастағаным 2010 жылдан бері. Негізгі блог жазатын жерім ол «Gonzo» сайты, ал Facebook, Twitter, Вконтакте сияқты әлеуметтік желілер мен үшін жай құрал. Яғни, негізгі парақшамда жазылған жазбаларымды әлеуметтік желілер арқылы басқа аудиторияға тарату.

Қазір шетелде жаңа бір тенденция жүріп жатыр, яғни электронды немесе мультимедиялық БАҚ дәстүрлі қағаз БАҚ-ты алмастырып жатыр, сіздің ойыңызша, Қазақстанда бұл құбылыстың орын алуы мүмкін бе?

Енді кез келген өнім болсын, БАҚ болсын өмір сүргісі келеді ғой. Мына газеттерді өзіңіз білесіз, ауылдық жерлерде үлкен кісілер көбірек оқиды, ал жастар көбіне мультимедиялық, жаңа медияға жақын. Негізі қазіргі жастар технологияға, жаңа заттарға тез машықтанып алады. Әлемдік тенденцияларды қарасақ ғаламтор арқылы үйреткен ыңғайлы. Сондықтан бізге де жаймендеп келеді деп ойлаймын (мультимедиялық БАҚ). Қарап отырсаңыз, атақты шетелдік газет-журналдардың барлығы мультимедиялық нұсқаларын жасап жатыр, сондықтан бұл тенденцияның Қазақстанда орын алуы да заңды құбылыс. Алайда, бұл дәстүрлі БАҚ-тардың жоғалып кетеді дегені емес. Өткен жылы Елбасымыз осы тақырыпта сөз қозғап, қағаз БАҚ өкілдеріне кепіл ретінде олардың жұмысы жалғаса беретіндігі жайлы айтып өтті.

Жақсы мультимедиялық журналист немесе блогер болу үшін, оқырман саны көбеюі үшін және сапалы дүние пайда болуы үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Іздену керек! Бізде қоғамда орын алған концепция – тұтынушылық. Яғни, мысалға менде Ұлы Отан соғысы ардагерлері жайлы мақала бар делік, оны көбіне тек 9 мамыр қарсаңында қойсам актуальді болып, жұрт оқиды. Ал егер, қазір барлығы шулап жүрген шетелдің IPhone-нын қолданып, блогымда кімге менің артық IPhone-м керек десем, оқырман саны көбейеді. Бұл – тұтынушылық заңы. Бірақ бұндай жолмен өзіне оқырман жинағандық дұрыс емес. Ондай жолмен танымалдық жинаудың қажеті жоқ. Меніңше, қоғамдағы өзекті, ойлануға тиіс мәселелерді талқылау керек, сонымен оқырман ортаңызды анықтауға болады. Анау жаман, мынау жаман, білім жүйесі жаман, денсаулық сақтау жүйесі жаман деп те жаза берудің, менің ойымша қажеті жоқ. Әрине, білім жүйесінде кемшіліктер бар, бірақ, шешімін көрсет. Әйтпесе, әлеуметтік желіміз қоқысқа, негативке толып кетеді. Тек босқа айқайлай бермей, сарапшы болып шешімін көрсету қажет деп ойлаймын.

Сіз өзіңіз қай блогерлерді оқисыз?

Былайынша әртүрлі салада жазатын блогерлер көп, мәдениет туралы, гаджеттер болсын. Ал тұрақты жазбаларын оқитын блогерлерімнен Олжас Құдайбергеновты айта аламын. Ол кісі де «Gonzo»-да жазады, оқып көрсеңіздер болады. Өзінің кәсіби жұмысы банкке байланысты болса да, экономикалық мәселелерді азамат ретінде, елінің патриоты ретінде өзінің ойларын жазып отырады.

Сіздің ойыңызша сіздің оқырмандарыңыз қай жас аралығы және қандай мамандық иелері?

Оны маған анықтау қиын, құралы жоқ қой, әйтеуір оқиды. Менің ойымша, оқушылар аз оқитын шығар. Студенттер оқуы мүмкін, сосын ересектер оқиды.

Енді бір соңғы сұрағым, жаңа бастап келе жатқан мультимедиялық журналисттерге ақыл-кеңестеріңіз болса?

Іздену керек, сосын, өз жұмысының профессионалы болуы керек. Мысалы, көп қателерді байқаймын, айтылмаған сөздерді қосып қою деген сияқты, ол дұрыс емес. Ал былайынша айтқанда, жанып тұру керек. Жас болғаннан кейін жанып тұру керек деп ойлаймын. Ақпарат бергенде объективтілікке ұмтылу керек, сосын өзінің ұстанымы бойынша елін сүйетін, отанын сүйетін адам болу керек!

Рақмет сұхбатыңызға Бақытжан аға! Сау болыңыз!

Сау болыңыз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.