Ұлтты сүюдің үлгісі

0
1129

Кезінде: «Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек», – деп ескерткен Жүсіпбек Аймауытовтың сөзі дәл бүгінгі күнге арнап айтылғандай. Себебі, қазақ баласы неғұрлым ғылым-білімді игеріп, өркениетке жақындаған сайын соғұрлым қазақтықтан алыстап бара жатқан секілді көрінеді. Осы ретте туындаған «ХІХ–ХХ ғасырда қазақтан шыққан зиялылардың  білімі, отаншыл-ұлтжандылығы, кісілік бітімі ХХІ ғасыр ұрпағына дарыды ма? Бір өзі бірнеше тіл білген, бар білім-білігін қара басының емес, ұлтының игілігі жолында сарп еткен Шоқан Уәлиханов болсын, Алаш қайраткерлері болсын, бәрінен бұрын қазақты сүйетін. Ұлтқа деген осындай сүйіспеншілік пен адалдық бүгінгі ұрпақ бойынан табылар ма екен? Өзгелерге еліктегіш, жалтақ мінез бізді қайда апарады? Ұлттық болмысты сақтай отырып, ұлт беделін көтеру үшін не істемек керек?»  деген сауалдар бүгінгі тақырыбымызға өзек болды.

Бақытжc0d502145b3583aa01f1f007ce4294f3ан БҰҚАРБАЙ,
саясаттанушы, суретші,
қазақ тілін дамыту орталығының жетекшісі

…СӨЗБЕН ЕМЕС ІСПЕН…
Жалпы, ХХ ғасырдың басында көптеген колониялды елдерде ұлт­тық интеллигенцияның қа­лып­тасу процесі жүрді. Сол ке­зең­дегі колониялды елдермен са­лыс­тыр­ғанда бізде бұл процесс фе­но­меналды түрде жүзеге асты. Біз әлемдік деңгейдегі ұлттық эли­тамызды отыз-қырық  жылдың ішінде қалыптастырып үлгердік. (Әлемдік деңгей дегенім еуро­па­лық форматтағы, бірнеше тіл бі­ле­тін, сауатты, білімді болуы). Алаш ордалықтар (1920 ж.) мен олардан жүз жыл бұрынғы (1820 ж.) зиялыларды салыстырсаңыз, дәл Алаш қайраткерлеріндей критерийлерге жауап беретін зиялылар бізде бол­маған. Бұның өзі арнайы зерттеуді қа­жет ететін тақырып. Ал енді дәл сон­дай зиялылық қазіргі ұрпағына да­рыды ма, бұл да өз алдына бөлек әң­гіме. Менің ойымша, ол тұстағы зия­лы мен бүгінгі зиялының та­биғи сипаты, шығу жолу екі түрлі. Көп­ке топырақ шашқым келмейді. Бірақ ХХ ғасырдың басында қазақ даласында зиялылар табиғи жолмен қалыптасып еді. Отызыншы жылдары олардың көзін құртты. Ондағы биліктің мақсаты ұлт деген категорияны жойып, интернационал совет халқын құру болды. Бірақ ұлтты жою табиғатқа қарсы шығумен бірдей еді. Сүт бетіндегі қай­мағымызды сыпырып алған­нан кейін барып қоғамға элитаның қажет екенін түсініп, зиялыны қол­дан қалыптастыруға күш салды. Яғни әуелгілеріміз табиғи түр­де қалыптасқан таза зиялы болса, кейінгілеріміз идеологиялық тұр­ғыда қолдан жасалған номенклатуралы зиялылар болды. Кезінде Әлихан Бөкейханов боль­ше­вик­тер­мен келісімге келгенде істің ақыры немен аяқталатынын біл­меді емес, білді. Бірақ қазақтың бо­лашағы үшін сол қадамға барды деп ойлаймын. Ал қазіргі зиялыла­рымыз Құдай бетін ары қылсын, ел басына күн туса осындай қадам­ға бара алар ма екен?

Бүгінгі жастарда ұлтжандылық қа­сиет аз дегенге мен келіспеймін. Қа­­зір елімізде халықтың жетпіс пайызы, ал он төрт пен жиырма то­­ғыз жас аралығындағы жастар то­­бын құрайтындардың сексен бес ­пайызы – қазақ. Қазақ тілінде бі­­лім алып жүргендердің саны да бұ­­рынғыдан басымырақ. Міне, осындай факторлар ұлтжанды­лық­тың қайта қалпына келуіне негіз бола алады деп сенемін.

Еліктеуді жаман әдет деп айт-пас едім. Мәселен, немістердің ең­­бек­­қорлығы мен уақытты баға­лай­тын дәлдігіне неге еліктемеске. Тү­ріктердің батылдығы мен тәуе­кел­шілдігін неге үйренбеске. Тү­рік­тер ешқашан кәсіп ашудан жү­рексінбейді, масылдық деген нәр­се оларға жат. Қазақ жастарына сын айтқым келмейді, бірақ жас­тарымыздың арасында жап-жақ­сы кәсіп бастап, аз-маз табыс та­ба бастағанда ішіп-жеп, ақыры банкротқа ұшырағандар бар. Со­ларға қарап қарның ашады. Ақи­қаттың да екі жағы бар ғой. Мысалы, Рим империясының құл­­ды­рауы римдіктерді қайғыға ұшыратса, варварларды қуаныш-қа бөледі. Сол секілді еліктеудің де екі түрі болады. Солтүстіктегі көр­­­шіміздің ішімдікке жа­қын­ды­ғы секілді жаман қылықтарына емес, неге жақсы қасиеттеріне елік­­­темеске. Мысалы, олар еңбек таң­­дамай кез келген істі атқара бе­­реді. Біздегідей Консти­туция­ның не екенін білмей, дипломды са­тып алып, заңгер болғаннан гө­рі, көлік жөндеп болса да адал ең­бе­­гімен нәпақасын тапқан дұ­рыс емес пе. Бұл – бірінші мәселе. Екіншіден, біз неге біреудің ал­дын­да жақсы көрінуге тырысамыз? Мен осыны түсінбеймін. Мы­салы, 2017 жылы EXPO-ның өтуі­не іштей қарсылар көп. Себебі, оның халыққа пайдасын әлі тү­сінбейміз де. Басында EXPO-ға бәленбай млн. турист келеді деді, кейін одан азырақ сан айтты, ал қазір келетіндердің көбі өзіміздің халық болып отыр. Жұрттың жи­нақталған зейнетақы қоры да Аста­на­дағы Мега сауда-саттық ке­­шенінің құрылысына  аударылатын болды. Осындай малшаш­пақ­тық халыққа қаншалықты қажет еді? Пайдасынан зияны, шығыны көп жиындардан бас тартатын уа­қыт жетті емес пе? Одан да біз ең­бекке, білімге ұмтылып, өз ісі­міз­ге адал болып, балаларымызға  дұрыс тәрбие беруді  ойлауымыз керек  еді ғой. Шынын айтқанда, қазақтың тәрбие беру  формалары  да ескір­ген, қазіргі заман талабына сай емес. Біздің   болмысымыз­дың дең­гейі ХVIII ғасырдың дең­ге­йінде қалып қалған. Айта­лық, үйдегі бала-шаға аш отырғанына қара­май, қалтамызда айфон жүр­генін қа­лаймыз. Айлығы­мыз­дың аз­ды­ғын ескерместен елден қал­май қа­рызданып, той жасауға немесе той­ға баруға тырысамыз. Ылғи біз ту­ралы кім не ойлайды екен деп ба­сымызды қатырып, әуреге түсе­міз. Яғни  болуға емес, боп  көрі­ну­ге деген құштарлық басым. Көп­шілік жағ­дайының  жоқтығы­на қара­мас­тан тыраштанып жақсы киінген­нен гөрі артық кітап оқы­ған пай­да­­лырақ екенін түсіне бер­мейді. Осы тозық дәс­түрлер бір­тін­деп жас­тарға беріліп жатыр. Осылай кете берсек, мұның түбі жақсы­лық­қа алып бармайды. Себебі, ХХІ ғасырдың жаһандық талаптары да күшті, адамзаттың даму дең­гейі де жоғары. Барын тойға ша­шу, тойда жақсы көріну үшін кү­шін салу елдің дамымай, артта қалуына себепші болатын фактор. Біз әбден қазба байлық­тарға иек ар­тып, сеніп алған ха­лық­пыз. Ер­тең сол байлық тау­сылған кезде қаңырап та қаламыз, маңырап та қа­ламыз. Басқа ел біз туралы ойлайды деген біздің ком­плексіміз. Айта берсек, қазақтың бойында комплекстер толып жатыр. Ал шын­дығында бізге қарап тұрған еш­кім жоқ. Әлем қазір бас­қа қағи­далар негізінде өмір сүруде. Ал шет тілін үйренген ұр­пақ өз тілі­нен безініп кетеді деген пікірге қо­сылмаймын. Мен көріп жүрген қа­зақ жастары шет тілдерін жақсы білсе де қазақ тілінде сөйлейді.

Осы тұста бірнеше мысал кел­ті­рейін. Бірде облыстық қоғамдық кө­лікке отырдым. Көлік ішінде сек­сен адам отырса, шамамен со­ның екеуі ғана орыс болды-ау дей­мін. Ал кондуктор тілі келмесе де қиналып тұрып орыс тілінде сөй­леп тұр. «Қазақша айта бер­сеңіз­­ші, бәріміз түсінеміз ғой» де­­ге­нім сол еді, өзіме дүрсе қоя бер­ді. Яғни бізді өзге ұлт өкілдері сый­­ламай жүрген жоқ, біз өзіміз сый­лата алмай жүрміз. Ұлтқа жа­на­шырлықты әркім өзінен бас­тауы тиіс. Мақтанғаным емес, соң­ғы екі жылдың ішінде мем­ле­кеттің де, басқаның да қол­дауын­сыз бес жүзден астам адамға қазақ тілін үйретіп шықтым. Ал бірде-бір қазақ баспасөзі мұны жазған жоқ. Бірақ қазақ БАҚ-ы тілді үй­рен­беді, сөйлемеді деп аузын қу шөп­пен сүртуге дайын тұрады. Құр сөзбен айта бергенше неге осы­лай іске көшпеске. Мәселен, жо­ғары оқу орындарында қазақ ті­ліндегі әдебиет тапшы екенін бә­рі біледі. Айтып-айтып шулайды да қояды. Сонда оқып жүрген ма­гистранттар мен докторанттар не­ге қазақ тілінде оқулық жазбайды? Ғылыми жұмыспен айналысып, диссертация қорғаған адам кі­тап жазуға қабілетті деген сөз ғой. Бірақ мұны қайсыбірі қолға алды? Орыс дерек көздерінен оқып келген студенттерде ұлттық сүзгі жұмыс істемейді. Қалай жа­зыл­­са солай айтып береді. Ал ре­сейлік авторлардың бәрі объек­тив­ті  автор  емес. Оларға: «Ға­­­лым­­да­рдың барлығын оқыға­ның дұрыс, бірақ неге сен ұлттық сүзгіден өткізбей­сің» деп ренжи­мін. Осы олқы­лық­ты жою үшін кітап жазуды қол­ға алдым. Сөйтіп, жиырма бес жа­сымда ғылыми инс­титутқа барып, өзім оқыған курс шеңберінде, бір айдың ішінде, бір тиын ақша алмастан қазақ тілінде кітап жаздым. Үшін­ші мысал. Қателеспесем, осыдан екі жыл бұрын Фейсбук же­лісінде жастар үстіне мұздай су құйып, оны видеоға түсіріп, үш адам­ға шақыру тастайтын флешмоб пайда болды. Мен сол тұста: «Өзі­мізге еш пайдасы жоқ бұл істен гөрі, әрқайсымыз бір-бір шетел му­льтфильмін алайық та, қазақ ті­ліне аударайық. Бәрімізде ноутбук та, интернет те, арнайы бағ­дар­лам­аны жүктеп алатын мүм­кін­дік те бар. Мен сендерге жұмыс ба­рысын түсіндіріп берейін», – де­дім. Сенсеңіз, бұл бастамама бір­де-бір адам қолдау көрсеткен жоқ. Жұбайыммен бірге екі тәулігімді қиып, екі шетелдік мультфильмді ау­дарып шықтым. Сол кезде сө­зі­ме құлақ түрген бауырларым бол­са, қазір қазақ бүлдіршіндері біраз му­льтфильмдерді қазақша тамашалап отыратын еді. Яғни шын жа­­нымыз ашыса, бәрі өз қолы­мыз­да тұрған нәрсе. Бірақ біз істен гө­рі сөзді жақсы көреміз. Бәріне өз­гелерді кінәлауға даяр тұрамыз. Әр­бір адамның қолынан бір іс ке­летіні анық қой. Әркім сол өзі ат­қара алатын шаруаның аясында қа­заққа пайдасын тигізуді ойлауы ке­рек. Ұлтқа шынымен жаны ашы­ған адам болса, сөзден бұрын ісі­мен дәлелдесін.

Дайындаған
Айнара АШАН.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.