Көмір қарындашпен салынған сурет

0
2130

Автор: Жомарт Молдахметұлы

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда бұрын-соңды болмаған сурет көрмесі ашылып, өнертанушылар мен өнерсүйер қауым кәдуілгі көмір қарындаштың құдіретіне таң-тамаша болды.

Бұған дейін біз Бақытжанды сая­саттанушы ретінде танып келсек, мына, көрмеге қойылған су­реттері арқылы оны жаңа бір қы­рынан – сурет­шілік қырынан та­ныдық. Бір ерекшелігі, Бақыт­жанды соңғы уақыт­та өндіріс тақырыбы, әсіресе, жетіқат жер астынан көмір өндірген қазақ­стандық көмір өндіруші кенші­лердің қажырлы еңбегі қатты қы­зық­тырып, өзіне тартыпты.
– Әдетте, біз қыс айларында үйді жылыту үшін ежелден көмір жаға­мыз. Бірақ сол көмірді кен­шілердің қандай қиындықпен дайындай­тынынан бейхабармыз. Сондықтан мені кеншілердің күнделікті тыныс-тіршілігі, жеті­қат жер астындағы тынымсыз еңбегі қызықтырды. Қо­лым бо­саған кезде қарындашпен жұмыс жасап, өзімді толғандырған кө­ріністерді ақ қағазға түсіретінім бар. Әсілінде, біздің суретшілер көп жағдайда кез келген суретті майлы бояумен жазуға бейім тұрады. Мен керісінше, кәдуілгі қарындашпен жұмыс жасағанды ұнатамын. Жал­пы, графит, яғни көмір қарындаш­тың артықшы­лығы зор. Сондықтан маған кез келген тақырыптағы сурет­ті қа­рындашпен салған ұнайды. Менің шахтерлар өмірінен сурет салуыма Еуразиялық топ (ERG) құрамына кіретін «Шұбаркөл көмір» АҚ-пен бай­ланысым игі ықпал етті. Менің ұсынысымды олар жылы қа­был алды. Сөйтіп, Шұбаркөл көмір разьрезіндегі жұмысшылардың ты­ныс-тіршілігі мен еселі еңбектері ту­ралы жиырмадан астам сурет са­лып, олардың бар­лығын бүгін көрермендер на­зарына ұсынып отыр­мын, – дейді суретші һәм сая­сат­танушы Бақытжан Бұқарбай.
Бақытжан Бұқарбай көрер­мен назарына ұсынылған 20-дан астам суреттерінде кен­шілердің қиын­дығы мол тыны­мысыз еңбегін қара­пайым қа­рын­дашпен дөп басып бере білген.
Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Еуразиялық (ERG) топтың менеджері Әнуар Рахатов: – Біздің Еуразиялық топ әруақытта өнер адамдарының ұсынысын ескрусіз қалдырған емес. Бақыт­жан өзінің  ұсынысын айтқанда, біз мұндай көрмені өткізуді және шұбаркөлдік кеншілердің өмірі мен тыныс-тір­шілігі туралы суреттер салып, оны тұр­ғындарға жеткізгенді жөн сана­дық. Сөйтіп, суретші Бақытжан Бұқарбай мен Еуразиялық топтың өзара ынты­мақтасығы жағдайында осындай тамаша көрме өмірге келді. Дәл осындай көрме осы жылғы 23 қа­раша мен 3 желтоқсан аралы­ғын­да Астана қаласындағы Тәуелсіз­дік сарайында өтті. Алма­тыдан кейін бұл көрме Шымкент тұрғындары­ның назарына ұсы­нылады. Бақыт­жанның бізге ұнаған бір ерекшелігі, ол сурет­ті көбінесе, кәдуілгі қара қарын­даш­пен салады екен. Алдағы уақытта біз өзімізге қарайтын өнді­ріс орын­да­рында Бақытжанның кен­шілерге арналған туынды­лары­ның көрмесін ашып, кеншілерге көрсетуді ойлас­тыру­дамыз, – деп өзінің пікірін білдірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.