United Kingdom. Vol.4

0
2491

Жұмсақ саясат

Кеше ұйқыдан енді тұрып жатқан Лондонның орталығында серуендедім. Ол кезде төтенше жағдайдың болғанынан бейхабармын. Биг Беннің жаны тып-тыныш, анда-санда ғана жұмысына асыққан бірлі-жарым адам зу етіп өте кетеді. Ерте тұрған еркектің ырысы артық дейді, арқайын жүріп,емін-еркін суретке түсе бересің. Сәлден соң Вестминстер көпірінде үйленіп жатқан жұптар көбейе бастады. Трафальгар алаңына беттедім: Лондонның ұлттың галереясына соғу бұрыннан бар арманым болатын. Келсем, кезек енді қалыптасып жатыр екен. Ұлыбританияда ең қатты ұнаған нәрсе — мында көптеген музейлерге тегін кіресің. Жалпы, галереяға толығырақ келесі жазбаларда тоқталармын.

Айтқым келіп отырғаны: ішін үш сағатқа жуық уақыт аралап, сыртқа шықсам, Трафальгар алаңы адамдарға лық толыпты. Сақалды, сәлделі адамдар тұра қалып, дұға жасап жатыр екен. Жоқ, салафиттер емес.

Сикхтар туралы бұрыннан білуші едім, бірақ өмірімде осынша көп сикхтің бір жерде жиналғанын көрмеген екем. Олар елдерге ұлттық тағамдарын таратып, сусындар мен жеміс-жидек үйлестіріп жүрді. Нельсон колоннасының астына техника тартыпты, сол жерде бірнеше дінбасы уағыз айтып жатты. Білмеген адам осы көріністі жұма-намазға ұқсатуы әбден мүмкін. Сикхизм дін ретінде ислам мен индуизмнің ықпалымен қалыптасқанын ескерсек, кейбір элементтердің исламға ұқсап кетуі ғажап емес.

Сикхтардың Ұлттық галереяның алдында жинала қалуының себебін бірден түсінбедім. Манчестердегі жақында болған жарылыстың құрбандарын еске алып, дұға етті. Бір кезде есіме түсті. Үндістанның премьері Индира Гандидің есімі көпшілікке мәлім, оны өзінің сикх оққағарлары өлтірген. Қылмыстың түрткісі кек болды, себебі 1984 жылы Ганди әскерге сикхтардың киелі шіркеуін шабуылдауға бұйрық беріп, көптеген адам қаза тапқан еді. Гуглға кіріп тексерсем, иә, дұрыс білген екем, қантөгіс маусымның бірі мен алтысы аралығында болған. Әрбір өткенге сол туралы айтып, мағлұмат беріп жатты. Ұлыбританияда 400 мыңға жуық сикх тұрады. Енді қараңыз, шабуыл барысында 83 әскери және шіркеудің ішіндегі 492 адам қаза тапқан. Алыста жүрсе де, Лондонның қақ ортасында жұмсақ күшті пайдаланып, көпшіліктің санасында басына түскен қасіреті жайында түсінік қалыптастырып жатыр. Есіме бірден ашаршылық түсті. Бізде миллиондаған қазақ қырылды. Біреу түгілі өзімізге мойындата алмай келеміз. Өткенде ғана біреудің «Почему поставили памятник в центре города? Как я теперь детям объясню?!» дегенін лентамда оқыдым. Ауызбіршілік бағымызға бұйырмай өтетін шығармыз.

Бұдан бөлек Ұлыбританиядағы демократия деңгейіне таңдайыңды қағасың. Елдің бұрынғы премьер-министрі Дэвид Кэмерон үш жыл бұрын сикхтардың киелі шіркеуінің шабуылына Маргарет Тэтчердің қатысы болуы мүмкін деген күдікпен тергеу жүргізуді тапсырыпты. «Темір леди» атанған премьер арандатушылыққа барып, Индира Гандиді шабуыл жасауға итермеледі деген пікір бар екен. Қарға қарғаның көзін шұқымайды не бас сынса, бөрік ішінде деп отырған британ саясаткері жоқ. Посткеңестік елдерде осындайды елестіп көріңіз енді.

Фейсбукта 2017 жылдың 7 маусымында жарияланды

Лондонская национальная галерея

Всегда мечтал сюда попасть и я сделал это. Три преимущества у галереи: бесплатный вход, абсолютное отсутствие запрета на фотосъемку и богатейшая коллекция живописи. Одно только огорчило: был закрыт зал, где экспонировались работы Дега, Моне и Климта. Наша встреча все время откладывается. Глядя на эти шедевры, я учился рисовать.

Опубликовано в фейсбуке 7 июня 2017 года

Британский музей

Все, что вы видели в учебниках по всемирной истории, находится в Британском музее. Просто сумасшедшая коллекция экспонатов, которая охватывает все континенты и исторические периоды. Много чего было вывезено британцами из колоний. Будете в Лондоне, загляните обязательно.

Опубликовано в фейсбуке 7 июня 2017 года

Мен «қызылмын»

«Ливерпуль» футбол клубының әрбір жанкүйері оның Энфилд стадионына баруды армандайды. Мен де сол үшін Ливерпульға жол тарттым. Барсам, жаңбыр құйып, жел ұрып тұр екен. Стадионның айналасы мен ішінде құрылыс қызып жатыр. Мәселен, алаңын қазып тастапты. Құбырларын ауыстырмағандарына жиырма жылдан асыпты. Сол себепті питчқа шыға алмадық. Менің келуіме қарап тұр екен де. Сосын «This is Anfield» деген белгілі тақтайшасы орнын ауыстырыпты. Бұрын баспалдақ жағында, алаңға шығаберісте ілулі тұратын. Клубтың бапкері Юрген Клопп ұқыпты неміс қой, сан жыл тұрып, клубтың фишкасына айналған тақтайша болса да, біреу басын соғып алады деп, оны алдыртып тастапты. Футболшылардың киім ауыстыру бөлмесінде де болып, сүйікті ойыншыларымның орнында суретке түстім. Аңызға айналған 2005 жылғы Чемпиондар Лигасы финалындағы жеңістен кейін кубок клубқа мәңгілікке табысталды. YNWA!

Фейсбукта 2017 жылдың 8 маусымында жарияланды

We’re more popular than Jesus now

Если вас когда-нибудь занесет в Ливерпуль, обязательно сходите в музей легендарной группы The Beatles. Ливерпульская четверка оставила большой след в истории мировой музыки, их влияние на всех последующих исполнителей колоссально. Как битломан со стажем, я не мог игнорировать достопримечательность и, надо признать, это один из лучших тематических музеев на моей памяти. Он создан с особым вкусом, любовью и уважением к группе. Здесь представлены не только личные вещи и инструменты музыкантов, но вас ждет просто фантастическое погружение в историю коллектива.

Каждый зал имеет свое особое оформление и повествует о том или ином периоде творчества The Beatles. Например, один из них полностью воссоздает The Cavern Club, в котором ребята начинали свой путь и дали 292 выступления.
Здесь «забыли» упомянуть Йоко Оно и Мартина Чапмена, и это правильно.

Музей состоит из двух отделов, расположенных в разных зданиях. У меня не осталось сил на второй, во-первых, на улице был ливень и сильный ветер; во-вторых, я получил такой передоз впечатлений, что сходи еще туда, у меня точно сорвало бы крышу.

Не передать словами все эмоции, полученные здесь. Теперь знаю точно, отличный музей должен быть именно таким, каким является The Beatles Story.

Опубликовано в фейсбуке 8 июня 2017 года

Кардифф в моем сердце навсегда

После завершения учебы я съездил в Лондон, Ливерпуль и столицу Ирландии Дублин, а затем вернулся в Кардифф. Как вы помните, я предпочел принимающую семью, хотя также были предложены опции, как проживание в общежитии или отдельной квартире.
Dave Medlam и его супруга Шэрон оказались потрясающими людьми, они окружили меня такой заботой, как если бы я был их собственным сыном. Для меня были созданы замечательные условия, и ничто не отвлекало меня от учебы.

Дейв всю жизнь проработал шеф-поваром. Однажды в Кардифф с концертом приехал Майкл Джексон и он готовил для него. Певец остался доволен и позже прислал Дейву открытку с автографом. Правда, она была отправлена в пасть шредера, поскольку, как с улыбкой признается Дейв, ему не нравится творчество певца. Как бы ни было, интересные впечатления, когда знаешь, что блюда тебе готовит человек, который также готовил их легендарному исполнителю.

Супруги рассказали о еще одном забавном случае. Как говорит Шэрон, однажды Дейв чуть не сбил на машине Гарета Бейла, который резко перебегал через дорогу. Кстати, дом известного валлийского футболиста был в десяти минутах от их дома. А напротив остановки, на которой я каждое утро садился в автобус, живет тетя другого футболиста — Райана Гиггза. Шэрон признается, что они учились с ним в одной школе. Спасибо вам, друзья, за все.

Я буду скачать по Кардиффу. Я побывал в двадцати пяти странах, но не каждая поездка способна оставить в памяти столько теплых воспоминаний.

Хочу выразить слова благодарности и признательности British Council Kazakhstan и лично Aigerim Alpkarina за то, что помогли сделать это путешествие незабываемым.

Опубликовано в фейсбуке 13 июня 2017 года

Предыдущие посты:

United Kingdom. Vol.1

United Kingdom. Vol.2

United Kingdom. Vol.3

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.