Шамиль Аляутдинов, Мужчины и ислам

0
2661

Ораза қарсаңында Әзірбайжан мен Грузияға сапарым барысында осы кітапты оқып шықтым. Қалың емес, не бары 288 беттен тұрады, соның арқасында бір ашқаннан-ақ оқылып тасталды.

Бүгінгі күні өмірде орнын тауып, бойындағы әлеуетін жүзеге асырғысы келетін және нақты мақсатқа жұмыс істейтін ер азаматтың алдында түрлі тосқауыл күтіп тұрғаны жасырын емес. Уақытты дұрыс жұмсай білу, жұмысқа салынып, денсаулық мәселесін назардан шығарып алу, қазіргі заманның азғырындарына төтеп бере білу – осылардың барлығы, сайып келгенде, жеке адамның өзі ғана шеше алатын күрделі мәселелеріне айналып отыр. Аталған мәселелердің шешімін ислами тұрғыдан ұсынатын еңбекпен танысып шығу жеке басым үшін қызық болды.

Шамиль Аляутдиновтың кітабы сұрақ-жауап формасында жазылған және өз басым осы әдісті ең жеңіл әрі тиімді деп санадым. Бұл кісі діни сауаттылығын жүз пайызға бағалауға болмайтын оқырман үшін күрделі тақырыптарды дін шеңберінде жатық тілмен баяндайтын, заманауи сұранысқа ие бизнес-әдебиеттің тілімен жеткізетін бірден-бір авторлардың бірі. Таза діни кітаптарда араб ғалымдарына көптеп сілтеме берілсе, Шамиль Аляутдинов өзімізбен замандас және әлем бойынша танымал бизнес-тренерлер, менеджерлер мен ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасап, ақпаратты қабылдауды әжептәуір жеңілдетеді. Осының арқасында бұл кітапты тек мұсылмандарға ғана арнап жазған деп айта алмайсың, керісінше, ақпаратты заманауи жеткізу арқылы кітаптың аудиториясы да кеңейе түседі.

“Мужчины и ислам” кітабы ер азамат күнделікті өмірінде тап болатын барынша көп жағдайды қамтуға тырысады, жалпы ислам туралы түсінікті кеңейтуде де орны бөлек.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.